$ 445.66  474.58  4.78

Геннадий Головкиннің үшінші сәбиі дүние есігін ашты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші баласы дүниеге келді деп жазады Tengrinews.kz

«Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтайды! Геннадийге және оның отбасына денсаулық және бақыт тілейміз!», – делінген федерация сайтында. 

Головкин жары Алинамен бірге тоғыз жастағы Вадимды (2009 жылы сәуірде дүниеге келген) және есімі құпия сақтаулы қызын (2017 жылы қыркүйекте дүниеге келген) тәрбиелеп отыр.  Вадим Головкин кәсіпқой тұрғыда хоккеймен айналысады. Әкесінің бапкері Абель Санчестің ойынша Головкиннің ұлы болашақта танымал ойыншы болуы мүмкін. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалаған. 

2017 жылы 7 шілдеде (07.07.2007) Геннадий головкин әйелімен отасқанына он жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Алина Головкиннің екі жоғарғы білімі бар. 

Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде шаршы алаңға шығады деп күтіледі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары