$ 448.89  477.93  4.76

Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару операциясы ары қарай да жалғасады

Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша жүргізілген «Жусан» операциясы жалғасын табады. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді деп жазады Sputniknews.kz.

Айта кетсек, «Жусан» операциясы аясында Сириядан 47 азамат елге оралған еді. Олардың дені, яғни 30-ы – 1-5 жас аралығындағы балалар. 

«Бұл соңғы операция емес, тек басы ғана. Қазақстанның сыртқы істр министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар азаматтарымыздың тағдырын әрдайым басты назарда ұстайды», – деді Смадияров сыртқы саяси ведомствода өткен брифингте. 

Ол «Жусан» операциясы ұзақ дайындалғанын әрі күрделі болғанын атап өтті. Сириядағы отандастарды елге қайтаруға шетелдік серіктестер мен халықаралық ұйымдар тартылған. 

«Қазақстандықтардың көбі Сирияда жүрген туысқандарымен бір жолын тауып байланысқа шығып жүр. Өткен жылы консулдық қызмет департаментіне 20-дан астам өтініш түсті. Сондай-ақ Сириядағы азаматтардың өзі түрлі комитеттер, әлеуметтік желідегі топтар арқылы байланысқа шығып, үйге қайтқысы келетінін айтып жатады», – деді Смадияров. 

Ол «Жусан» операциясы алдағы уақытта жалғасын табатынын атап өтті.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары