$ 494.87  520.65  4.91

Қайтыс болған журналистің анасы Қарақатты екіжүзді деп айыптады

Ақтөбеде лифтіде аяғы қысылып қайтыс болған журналист Айзат Әбдісаматтың анасы Қарақат Әбілдинаның екіжүзділігін айтып, өзін қайырымды көрсеткісі келген әншіге ренішін білдірді. 

Журналистің анасы көпшілікті әншіге жағымпазданып, не болса соны жазбауға шақырды. 

«Менің қызымның қай жері Қарақатқа ұқсап тұр екен? Шашы менің шашым сияқты бұйра. Марқұм Айзат қайтыс болғанда келсе қайда қалыпты сол Қарақат? Одан кейін қырқы, жүзі өтті. Ұшақ жалдап келсе де қаражаты жететін қазақтар ғой. Менің ұлым Астанаға еңбек демалысына барған соң соққан да. Соны пайдаланып, қайырымды бола қалыпты ғой», – деп жазды анасы Қарақаттың Instagram  әлеуметтік желісіндегі жазбасының астына. 

Еске сала кетейік, күні кеше ғана Қарақат Әбілдина «Ақтөбеден марқұм Айзаттымның жолдасы Қайрош пен қызы Іңкәр Астанаға апаларын іздеп келіпті» деп желідегі парақшасына сурет жүктеген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары