Беттеріне медициналық маска киген ақтөбелік үш ер азамат шопанды пышақпен қорқытып, жайылып жүрген екі қойын алып кеткен деп жазады Newtimes.kz.
Тонаушылар оқиға орнына ВАЗ автокөлігімен келген екен.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында үш күдікті Ақжар ауылында ұсталды. Олар ВАЗ маркалы автокөлігінде болған. Қойлары иесіне қайтарылды», – дейді Ақтөбе облыстық полиция бөлімшесінің өкілдері.
Қазіргі үш азаматтың үстінен «Қарақшылық» бабы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.