$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде соқырішекпен ауырған бала отадан кейін көз жұмды

Соқырішек диагнозы қойылған бала Ақтөбе ауруханасына Хромтаудан жеткізілген. Отадан кейін ол палатада қайтыс болды деп жазады diapazon.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай оқиға болған жоқ деп БАҚ өкілдерін сендіргісі келді. Дегенмен, аурухана дәрігерлері баланың өлімі туралы ақпаратты растап отыр.

«Бұл оқиға 15-нен 16-на қараған түні болды. Баланың соқырішек ауруы асқынып кеткен. Сол себептен оны бізге Хромтаудан әкелді. Алайда, отадан кейін бала қайтыс болып кетті. Медициналық сараптамадан кейін ғана өлімінің себебін айта аламыз», – дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.

Марқұм Хромтау қаласының тумасы. Ол 15 қаңтар күні ішінің ауырғанын айтқан. Дәрігерлер тексеріп болған соң оған соқырішек диагнозын қояды. Сөйтіп облыстық балалар ауруханасына жіберген.

«Бізде балалар хирургі жоқ. Қазір баланың өлімінің себебін ешкім айта алмайды. Сараптамадан кейін барлығы белгілі болады», – дейді аудандық ауруханадағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары