$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК парамен ұстаған «Қазгидромет» басшыларының нақты кім екені айтылды

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері бірнеше басшының ұсталғанын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде «Қазгидрометтің» Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов пен «Қазгидрометтің» бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды», – деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.

«Қазгидрометтің» жүргізіліп жатқан тергеу шараларына қолдау көрсетіп, барлық материалды қолжетімді етіп жатқаны және жедел-тергеу шаралары жайлы мәлімет жарияламайтыны айтылады.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК «Қазгидромет» басшылығының ұсталғанын хабарлаған болатын. 

«Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында ҰҚК жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген («Пара алу») қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», – делінген еді ҰҚК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары