$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өліміне шенеуніктер де кінәлі боп шықты

Ақтөбедегі лифт қызметінің техникалық қауіпсіздігіне жауапты адам Әдеп кеңесіне келіп, беогілі журналист қаза тапқан оқиғаға қатысты жауап берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Бауыржан Бекеев Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінде басшының орынбасары қызметін атқарады.

Лауазымды қызметкер тәртіптік жағдайды бақылайтын кеңеске прокурорлардың нұсқауымен шақыртылған.

Лифттердің техникалық қауіпсіздігін дер кезінде бақылауға тиіс мекеме мамандары жауапсыздық танытқан болып шықты.

Прокурорлық тексерістер кезінде барлық былық анықталған.

«Ақтөбе қаласында барлығы 776 лифт бар. Оның 370-і тіркелген, қалғаны тіркеуге алынбай жұмыс жасап келген. Сонымен қатар, 35 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан 123 лифтінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен.

Өткен жылдың сәуір айында тұрғын үйдегі лифтінің істен шығуынан адам өлімі тіркелді.

Осы оқиғадан кейін арнайы комиссия тексеру жүргізді. Комиссия кезінде 167 тұрғын үйдегі 462 лифтінің 342-сінде ғана техникалық құжат бары анықталды.

Осыған байланысты 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайларға жол беріп, тұрғындар өміріне қауіп төндірген лауазымды қызметкерлердің әрекеті тәртіптік кеңеске жіберілді», - деді аға прокурор Өркен Ещанов.

Әдеп кеңесінің мүшелері адам өлімі тіркелгеннен кейін ғана көтерілген мәселеге бір адам ғана жауапты емес деп шешті.

Сол себепті лауазымды қызметкерді орнында қалдырып, қызметіне толық сай емес деген мәлімдеме жасады.

Әдеп кеңесіне келген департамент басшысының орынбасары «мұндай жайдай тіркеледі деп ойламадық» деп ақталды.

Еске сала кетсек, сәуір айында үш жасар қызымен лифтіге кірмек болған танымал журналист Айзат Әбдісамат қаза болған еді. Лифтіде жаншылып қалған ана қызының көз алдында оқиға орнында көз жұмды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары