$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жаңа Мамандандырылған ХҚКО-ның ашылуы – жобалық кеңсе жұмысының алғашқы нәтижесі

Алматы қаласында өткен жылдың соңынан бастап «Алматы – адалдық алаңы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы іске асуда.

Мұндағы мақсат  – қаланы жемқорлықтан тазарту, әрі тұрғындардың тұрмыс тіршілігіне ықпал ету болды. Атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтердің провайдері болып табылатын Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметін жетілдіру қарастырылды.

Мамандандырылған ХҚКО-тары қала мен қала маңындағы халыққа қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Жетысу-Семиречье» сауда орталығында орналасқан №5 Мамандандырылған ХҚКО-нда болып өткен брифингте айтылды.
Брифингке қатысушылар «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және қаланың әкімшілік полициясы басшылықтары аталған бағытта жүргізілген жұмыстармен журналистерге баяндап, жұмыстың жоспарлары туралы айта кетті.

«Жүргізуші көліктерін алу және автокөлікті тіркеу үшін делдалдарға жүгінудің немесе оны алудың басқа жолдарын іздестірудің қажеті жоқ. Барлық мемлкеттік қызметтер бекітілген Регламентпен көрсетіледі, қажетті құжаттар тізімі стандартпен нақты көрсетілген», - деді жоба кеңсесінің жетекшісі А.И.Братенков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары