$ 443.85  474.3  4.8

100 метрлік туннельге түсіп кеткен екі жасар сәбидің денесі табылды

Испанияның Малага провинциясында 12 күн бұрын терең құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланың денесі шығарылды деп жазады РИА Новости. 

Басылым мәліметінше, құтқарушылар баланың денесін сенбіде, 26 қаңтарда, шамамен түнгі 01:25-те (Астана уақытымен 06:25-те) тапқан. Сәбидің ата-анасына суық хабар жеткізілді. 

13 қаңтарда Юлен Розелло есімді бала диаметрі 25 сантиметр және тереңдігі 100 метрден асатын туннельге түсіп кеткен. Су іздеу үшін қазылған ұңғыманы қараусыз қалдырған. 

Сол күннен бастап Тоталан муниципалитетінде баланы құтқару операциясы басталды. Мұны бүкіл ел болып бақылап отырды. 300-ден аса құтқарушы мен Азаматтық гвардия қызметкерлері жұмылды, көптеген техника тартылды.  Соңына дейін баланың тірі не өлі екені белгісіз болған. Баланың ата-анасы бұрындары тағы бір баласынан айырылған - ол өткен жылы үш жасында қайтыс болған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары