$ 447.4  477.55  4.76

Шетелде демалып келген әйелдің басы құрттап кеткен

Ұлыбритания тұрғыны ауруханаға барып, маңдайы ауыратынын айтқан. Алайда оның терісінің астында дернәсілдер бары анықталыпты.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазады.

Әйел Угандаға барып, сол жақта демалып қайтқан екен. Алайда мұнан кейін маңдайы ісіп, ауруханаға түседі. Дәрігерлер ісікті жәндік шаққаннан пайда болды деп ойлап, пациентке антибиотиктер тағайындап, үйіне жіберіпті. Алайда арада үш күн өткеннен кейін әйел қайтадан дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болды. Себебі басы қатты ауырып, ісік ұлғая түскен.

Тереңірек зерттеу жүргізген дәрігерлер әйелдің терісінің астында екі құрт барын анықтады. Олардың бірін дәрігерлер алып тастады. Алайда ультрадыбыстық сканерлеу барысында әйелдің шашының түбінде тағы бір дернәсіл қалғаны белгілі болды.

Анықталғандай, әйел Угандада жүргенде басына орамалды басып жүрген. Ал орамалда шыбынның дернәсілдері болған екен. Олар әйелдің терісінің астына жара арқылы кіріп алған болуы мүмкін.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары