$ 494.87  520.65  4.91

Сырдария өзенінің су деңгейі көтерілуі ықтимал екені ескертілді

Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

27-29 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 27 қаңтарда күндіз, 28-29 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-100%. 

27-29 қаңтар аралығында Қызылорда облысында ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Осыған байланысты 27-30 қаңтар күндері қар еріп, ағынды су пайда болуы ықтимал. Сырдария өзеніндегі мұз әлсіреп,  өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ, 27 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары