$ 494.87  520.65  4.91

Аяздың салдарынан еліміздің үш өңірінде сабақ болмайды

Қатты аязға байланысты еліміздің үш өңірінде бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары оқымайды деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай қаласының білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 28 қаңтар сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, облыс орталығында термометр -27 градусты көрсетіп тұрды. Осыған орай бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Павлодар қаласының білім басқармасы -31 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатты. Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде таңертеңгі кезекшіліктегі оқушылар оқымайды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-28°С) 1-4 оқушылары, Семейде (-29°С) 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері, Риддерде (-32°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері сабаққа бармайды. Сонымен қатар, Алтай ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Шемонайха ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Аягөз ауданында (-28°С) 1-9 сыныптар, Бородулиха ауданында (-33°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері, Абай ауданында (-29°С) 1-4 сыныптар оқымайды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарда сабақ болмайды. Қазіргі кезде Көкшетауда термометр бағаны -30 градусты көрсетіп тұр. Қатты аязға байланысты Астана қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары