$ 446.49  475.38  4.79

Астана маңындағы 16 ауылға қатынайтын автобустар қозғалысын тоқтатты

Астанада ауа райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» компаниясына сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, елордадан 16 ауылға - Қараөткел, Қаражар, Ақмол, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Талапкер, Қажымұқан, Максимовка, Воздвиженка, Қызылсуат, Жібек жолы, Жалтыркөл, Бабатай, Аршалы, Софиевка және Малотимофеевкаға қатынайтын 12 қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша шектелді. Олар: 

№300 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» сауда, ойын-сауық орталығы) - Қараөткел ауылы - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы 

№305 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қараөткел ауылы - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы 

№308 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қызылжар ауылы - Қабанбай батыр ауылы 

№309 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қызылжар ауылы - Қабанбай батыр ауылы - Р.Қошқарбаев ауылы 

№310 бағдар - Астана қаласы («Астра» КО) - Талапкер ауылы - Қажымұқан ауылы - Максимовка ауылы 

№311 бағдар Астана қаласы («Астра» КО) - Воздвиженка ауылы 

№312 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы 

№313 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Қызылсуат ауылы 

№315 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Жібек жолы ауылы - Жалтыркөл ауылы - Бабатай ауылы - Аршалы ауылы 

№316 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Жібек жолы ауылы - Жалтыркөл ауылы 

№317 бағдар - «Алай» сауда орталығы - Софиевка ауылы 

№318 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Малотимофеевка ауылы «Қозғалыстардың қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланады», - делінген «Астана LRT» мәліметінде. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары