$ 443.85  474.3  4.8

Түркияда бала бағушы болып жұмыс істеген қырғызстандық асылып өлді

Түркияның Адана қаласында бала бағушы болып жұмыс істеген 31 жастағы қырғызстандық әйел асылып өлді деп жазады «24.kg».

24 қаңтар күні әйел жұмысына келмеген. Жұмыс беруші оған бірнеше рет хабарласады. Алайда, бала бағушы телефон тұтқасын көтермеген. Бірнеше сағат өткеннен кейін әйел полицияға хабар береді. Полиция қызметкерлері дереу бала бағушы тұратын пәтерге келіп, есікті бұзып кірген. Олар жуынатын бөлмеден өз шұлығымен асылып өлген әйелдің денесін табады.

Болжам бойынша әйелдің үйіне ешкім келмеген. Өйткені есік жабық болыпты. Ол жалғыз тұрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары