$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 6 айлық бала телефонның қуаттағыш бөлігін жұтып қойған

Шымкентте дәрігерлер жалғастырғыш тетікті жұтып қойған сәбиді ажалдан аман алып қалды.  Алты айлық сәбидің ата-анасы бөгде затты жұтып қойғанын тек бір апта соң  білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалғастырғыш тетікті жұтқан нәрестенің денсаулығы сыр беріп, мазасыздана бастаған. Содан кейін ата-анасы жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізген. №1 клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп,   рентгенге түсіру кезінде  асқазанында бөгде зат бар екенін  анықтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары