$ 444.32  473.33  4.76

Қызылордада жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Қызылорда қаласында жасөспірім қызды зорлауға оқталған күдіктіні полиция қызметкерлері қолға түсірді деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде орын алған. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Дегенмен полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Оның Қызылорда қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді», - делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

2018 жылдың қазан айының басында да Қызылордада жасөспірім қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасаған күдікті ұсталған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары