Жаңалықтар 29.01.2019 сағат 08:47

Жайық өзенінен 108 тонна өлі балық шықты

Жайық өзенінде қырылған балықтардың жалпы салмағы 108,1 тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жайық өзенінен 108 тонна өлі балық шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 «Әлеуметтік желіде «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның балық шаруашылығындағы балықтардың қырылуына қатысты көптеген сурет пен видео материал тарауда. Осыған орай шаруашылықты өлі балықтардан тазалау жұмыстарының аяқталғанын түсіндіргіміз келеді. Бүгінгі күні Жайық өзенінде балықтар өліп жатқан жоқ. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық испекциясы Жайық өзенінің барлық учаскелеріне тұрақты мониторинг жүргізуде», - деп жазды ол. 

Оның дерегінше, 28 қаңтарға дейін 108,1 тонна өлі балық жинап алынған. 

«Жайық өзенін ластаушыны анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық тексеріс аясында балықтан және судан сынама алынды. Балықтардың қырылу себебі тергеу амалдары аяқталғаннан кейін нақтыланады», - деді Сәкен Ділдахмет. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында балықтың қырылғаны туралы бірнеше ақпарат таратқан болатынбыз. Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айының басында Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелген еді. Арада апта өтпей Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны анықталған. Өкінішке қарай, желтоқсанда тағы да алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтардың қырылғаны туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Осы жағдайға байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын жария еткен еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар