Жаңалықтар 29.01.2019 сағат 08:52

Таразда нан қымбаттауы мүмкін

Алдағы уақытта Тараз қаласында нан бағасы қымбаттауы мүмкін деп жазады ҚазАқпарат.

Таразда нан қымбаттауы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Тараз қаласындағы сауда нүктелерінде бір бөлке нанның бағасы 75 теңгеге дейін көтерілген. Оған жергілікті биліктің бірнеше өндірушімен нанды 10 теңгеге қымбаттату туралы келісілген шешімі түрткі болған. Бірақ кәсіпкерлермен кездескен облыс билігі бағаны тұрақтандырып, оны 60-65 теңге көлемінде қалдырды.

«Астық пен ұн бағасының көтерілуіне байланысты ақпан айында нан бағасының кем дегенде 10 теңгеге көтерілуі мүмкін. Оны арзан ұнның барлық қорын бітірген наубайшылар да қалап отыр. Өткен жылдың тамыз айынан бастап бағаны қолдан келгенше ұстап тұрдық, енді наубайханаларды банкротқа ұшырату мүмкін емес», – деп баяндады қала әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Самат Үрпеков.

Оның айтуынша, жергілікті билік қала наубайханаларына арзандатылған ұнды бөліп беруде, алайда оның қоры таусылып жатыр.

«532 тонна ұн қалған, бұл бар болғаны 12-14 күнге жетеді. Біз бұл ұнды 93 теңгеге сатып алып, 70 теңгеден беріп жатырмыз. Ақпан айының ортасына қарай арзан ұнның қоры таусылады. Қазіргі кезде 600 грамдық бөлке нанның бағасы - 65 теңге, 10 ақпаннан бастап 75 теңге болады», - деп атап өтті бөлім басшысы.

Бұған дейін Тараз қаласындағы нан бағасы еліміздегі ең арзан баға саналатын.



Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар