Жаңақала ауданында 30 жасар тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға аудан орталығы Жаңақала ауылында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бүгін түнгі сағат 00.35-те бейтаныс адам өз көлігімен 1989 жылғы тұрғынды ауруханаға алып келген. Жігіт ота кезінде сағат 03.05-те қайтыс болды.
«1986 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде. Ол да пышақ жарақатын алған», – деді А.Сақпосынова.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.