Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 379,83 теңгені құрады деп жазады ҚазАқпарат.
KASE-нің мәліметіне сәйкес, сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,14 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 379 теңге, ал ең жоғарысы – 380,1 теңге болған. Сауда көлемі 24,8 млн долларды құрады.
Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 доллар үшін 380,97 теңгені, күндізгі сессияда 380,52 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 380,66 теңгені құраған еді.
Сауданың жалпы көлемі 63,85 млн доллар болды.