$ 448.89  477.93  4.76

Ақтауда үйде жүргізілген дезинфекциядан кейін көршінің 6 жасар баласы қайтыс болды

Ақтауда бір отбасының 4 және 5, 6 жасар үш бірдей баласы ауруханаға түсті. Олар төменгі қабаттағы көршілерінің жәндіктерге қарсы сепкен дәріден уланып қалған деп жазады Лада.

13-шағынаудандағы көпқабатты үйдің тұрғынының айтуынша, екі пәтердің иесі де дезинфекция жүргізген екен. Алайда, олар көршілеріне бұл жайында ескертпеген.

«Мен басқа көршілерімнен де сұрадым. Ешқайсысына жәндіктерді улайтынын айтпаған. Ешкім бұл жайында білмепті. Ал пәтер иелерінің өздері болса, сол күні туысқандарының үйіне кетіп қалған. Екі үйдің балалары бірге ойнап жүретін. Салғырттық танытқандарына таңқаламын. Екі ортада бала зардап шекті», – дейді жәбірленуші отбасының көршісі Айман Жұматай.

«Бізге токсинді улану диагнозымен түсті. Өкінішке қарай, 6 жасар бала қайтыс болып кетті. Ал екі баланың денсаулығы бірқалыпты. Олардың қасында анасы бар», – дейді  Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев.

«Үйде жәндікке қарсы дезинфекция жүргізілгені белгілі болды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 104 бабы, 1-ші бөлімі бойынша полиция басқармасының бірыңғай реестрінде тіркеуде тұр. Барлық қажетті сараптама жүргізу тағайындалады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары