$ 494.87  520.65  4.91

Семейде әйел 30 градустық аязда аяғын үсітіп алды

Семей тұрғыны 30 градустық аязда далаға жалаңаяқ шығып, екі аяғын бірдей үсітіп алды деп жазады altaynews.kz.

Алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған әйел далаға жалаңаяқ шығып кеткенін білмеген. Тек екі аяғы бірдей үсіктен қозғалмай қалғанда ғана сезіп, жедел жәрдем шақырған.

«Әйелдің екі аяғын екінші дәрежеде үсік шалған. Ол мас болғандықтан, өзінің аяқ киімсіз далаға шығып кеткенін білмеген. Қазір науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр», - дейді қалалық аурухана басшысының орынбасары Гаухар Мансұрова.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, сол түні далада 30 градус аяз болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей #үсік #аяз