$ 494.87  520.65  4.91

Наурызбай ауданында 2018 жылы 97 көше жарықпен қамтылды

Алматы қаласындағы 97 көшеге жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы бүгін Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай халық алдында берген есебінде айтты.

Аудан әкімі маңызды мәселелердің бірі сыртқы жарықпен қамтамасыз ету екенін айта отырып, 2018 жылы ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын 8 көшеде сыртқы жарықтандыру желісі орнатылғанын (291 жарық желісі) және 274 дана жарық шамдарды ауыстырылғанын атап өтті.

«Жалпы, 4 жарым жыл ішінде 42 көшеде 54,2 шақырым жаңа сыртқы жарықтандыру салынды (1723 көшелерде орналасқан жарық шамдары және 375 аула аумақтарындағы жарық нүктелері).

2018 жылы жүргізілген жұмыстарды есепке алғанда, ауданда орналасқан 348 көшенің 97 көшесі (4202 жарық желісі, 28%) жарықтандырумен қамтамасыз етілген. 2019 жылы тағы да 24 көшені жарықтандыруға 183 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді», - деді Наурызбай ауданының әкім Санжар Тоғай.Бір айта кетерлігі, есептік кездесудің тікелей бейне трансляциясы әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жəне Facebook-парақшасында көрсетілді. Онлайн трансляция барысында 364 азаматтан 39 сұрақ қойылып, 106 жазылған. Тікелей эфирді барлығы мыңға жуық адам қарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары