$ 448.15  483.46  4.86

Алматыдағы Абай даңғылы Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзартылмақ

Абай даңғылы Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзартылмақ. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай халық алдында берген есебінде айтты.

Абай даңғылы
Абай даңғылы

Жолдарға қатысты әкім 2019 жылғы жоспарға арнайы тоқталды. 

«Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту мақсатында 292 жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік нысандарын мемлекетке қайтару үшін 5,4 млрд.теңге бөлінді», – деді Санжар Тоғай. 

Аудан әкімі сондай-ақ Төле би және МУРЗ көшелеріне жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін 263,3 млн. теңге бөлінгенін, осы жұмыс аясында 22,4 гектар аумақты құрайтын жер учаскесін сатып алу қарастырылған атап өтті. 

«Осымен қатар, биылғы жылы 20,8 шақырымды құрайтын 20 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар.

2018 жылы Эдельвейс б/б аумағындағы және Жандосов көшесінде «Ақсай» өзені арқылы өтетін көпір өткелдерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», – деді ол.  

Есен беру жиынында әкім былтыр Райымбек даңғылындағы 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін де айтты. Барлық жерасты өткелдерінде қабырғалар безендіріліп, музыкалық әуен қондырғылары және қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералар орнатылыпты. 

«2014 жыл мен 2017 жыл аралығында 36 шақырым жаяу жүргінші тротуары салынса, 2018 жылы көше-жол желілерін орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде 18 шақырым жаяу жүргінші тротуары салынды. Мәселен, Айтматов және Строительная көшелерінде ешқашан тротурар болмаған. Дегенмен, былтырғы жаз айларында жаяу жүргінші жолдары салынып, жаңадан ашылған №200 мектепке жол ашылды. Қазіргі уақытта ауданымызда 79 шақырымды құрайтын 71 көшеде (22%) жаяу жүргіншілер жолдары болса, 2019 жылы тағы 14 шақырымды құрайтын 12 көшеде жол салу жоспарымызда бар.

Осымен қатар, дат сәулетшісі Ян Гейлдің бағдарламасы аясында 2019 жылы Сабденов көшесін абаттандыруға 202 млн.теңге бөлінді. Бұл жоба аясында веложолдар, жаяу жүргіншілер тротуарлары, балалар, спорт алаңдарының құрылысы, көше жарығы мен көгалдандыру қарастырылған. Өздеріңізге мәлім, осы іспеттес жұмыстар Шаляпин және Әшімов көшелері бойынша жүргізілген болатын»,  – деп сөзін түсіндеді ол. 

Бір айта кетерлігі, есептік кездесудің тікелей бейне трансляциясы әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жəне Facebook-парақшасында көрсетілді. Онлайн трансляция барысында 364 азаматтан 39 сұрақ қойылып, 106 жазылған. Тікелей эфирді барлығы мыңға жуық адам қарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары