$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда судья 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды

Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының өзара бірлесіп жүргізген шара барысында Андрей Штейнке ұсталғаны айтылады. 

Қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары