$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда полиция көлігі қатысқан жол апатынан 1 адам қаза тапты

Апат жайлы ақпарат бұған дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі түрлі парақшаларда жарияланған болатын. Жергілікті полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Жол апаты 4 ақпан күні болған. Алдын ала болжам бойынша, Гоголь көшесіндегі жол торабында Кондитерлік фабрикаға қарай бағыт алған «Ауди» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «Мерседес» автокөлігін жанай соғып, қарсы бағытта келе жатқан «УАЗ» қызметтік көлігіне соққан.

«Жол көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға барар жолда қаза болып, «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен  ауруханаға жатқызылды», – дейді Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметі. 

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары