Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасында 1 жасар бала қайтыс болды деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 жасар қыз бала ауруханаға кенет сырқаттанып түскен. Оның өліміне белгісіз жағдайда басталған сепсис ауруы себеп болған.
Сондай-ақ сәби қайтыс болған ауруханада басшылық ауысып жатыр. Сол үшін қайғылы жағдайдың мән-жайы әлі анықталмаған.
Дереккөз: Lada.kz.