$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте электр желісін жөндемек болған ер адам мерт болды

Шымкентте ер азамат еш қауіпсіздік шараларын сақтамай электр бағанына өрмелеп мініп, ақауды жөндемек болған кезінде мерт болды, деп хабарлайды Otyrar.kz

Құтқару жасағына бұл қайғылы оқиға жайлы суыт хабар 13-шілде күні түскен. Оқиға қаладағы Школьная көшесінде орын алды. Жоғары кернеулі электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған ер азаматты тоқ ұрған.

Кейіннен белгілі болғандай, оның электр бағанасына шығуына әйел кісінің өтініші себеп болыпты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары аталған азаматшаны бөлімшеге алып кетті.

— 30 жастағы азаматты тоқ ұрған. Оны үйдің иесі электр желісін жөндетуге шақырған екен. Алайда еш қорғаныс құралынсыз бағанаға шыққан жігітті бірден тоқ ұрып, ол көз жұмған, — дейді медициналық қызметтің жетекшісі Жанболат Рахымов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары