Алматыда 24 жастағы жігіттің туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазған деп хабарлайды «NewTimes.kz».
6 ақпан күні Әлихан Қапанов Өтепов және Розбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен сағат 16:30 шамасында шығып кеткен.
«Қайда кеткені белгісіз. Телефоны да сөндірулі тұр. Үйдің кілтін өзімен бірге алып жүретін. Ал бұл жолы кілтті тастап кеткен», - дейді жігіттің туыстары.
Туыстарының айтуынша, Әлихан қайда кетсе де және кешігіп жатса әруақытта ата-анасына ескертіп отыратын болған.
Сол күні ол үстіне көк куртка және қара шапка мен джинсы шалбар киген екен. Бойы -180 см.
Әлиханның жақындары егер оны көргендер болса, дереу полицияға немесе + 7 701 235 17 19 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.