Алматыда 6 ақпан күні жоғалып кеткен 24 жастағы Әлихан Қапанов өлі табылды деп хабарлайды жергілікті полиция департаменті.
Өскемендік жігіт Алматы қаласындағы Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан үйден 6 ақпан күні кешке шыққаннан қайта оралмаған.
Полиция марқұмның денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмағанын хабарлайды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам үсіп қайтыс болған.
Дереккөз: NewTimes.kz