Жаңалықтар 15.02.2019 сағат 05:07

«Кеудеден итергенді қашан қоямыз?»: Дана Нұржігіт кезек үшін ұрысып қалған оралман мен қала келіншегіне ашуланды

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт кезек үшін төбелесіп қалған оралман пен қала келіншегіне ашуланды. Емханадағы келеңсіз жайтты ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіті. 

«Кеудеден итергенді қашан қоямыз?»: Дана Нұржігіт кезек үшін ұрысып қалған оралман мен қала келіншегіне ашуланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тележүргізуші емханаға кезекті тексеруден өтуге барыпты. Кезек күту сәтіндегі көрініс ұзақ уақытқа дейін оның көз алдынан әлі кетпей қойған. 

«Екеуі бір-бірімен кезек үшін жұлысып қалды. «Понаехали» деген сөзді естіген кезде сырттан келген қазақ қыздың көзінен жас шығып кетті.

Құдай-ау, қайран қазағым-ау. Осындайды қашан қоямыз? Қашан қоямыз кеудеден итергенді, бір-бірімізді адам санамауды?

Өмірден алар бар еншіміз сол кезек пе еді, Құдай -ау?», – деді ол видеода. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар