$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 19.02.2019 сағат 03:49

Әйелі күйеуін Астанадағы қонақүйлердің бірінен көңілдесімен ұстап алды

Астанадағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істейтін жігіт өзі куә болған оқиғалардың бірін айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Әйелі күйеуін Астанадағы қонақүйлердің бірінен көңілдесімен ұстап алды

Бірде қонақүйге орта жастағы ер адам мен жап-жас бойжеткен келіпті. Жігіт олардың ерлі-зайыптылар емес екенін бірден аңғарыпты. 

«Кешкі асты бөлмелеріне әкелуін сұрады. Біз клиенттердің бұндай өтінішітерін орындаймыз», - деген ол біршама уақыттан кейін есіктен орта жастағы әйел кіріп келді дейді.

«Қолында неке жүзігі бар екен. Бірден сол еркектің әйелі екенін білдім. Менен қай бөлмеге кетті деп сұрады. Айттым. Тіпті күзетшінің де сөзіне қарамай, баса көктеп кіріп кетті. Бөлмелеріне барып, қонақүйді басына көтеріп айқайлап, екеуін де сыртқа қуып шықты», - деп еске алды жігіт осыдан бірнеше жылғы оқиғаны. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар