Астана қаласында қала тұрғындары үшін суықтан қорғап тұратын жаңа аялдамалар пайдалануға берілді. Қызыл шырайлы аялдамаларда автобусты жаурамай-ақ, алаңсыз күте беруге болады. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Астана әкімінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 55 автобус аялдамасын жылыландыру жоспарланып отыр. Ол Ақорданың әлеуметтік нысандарына жақын орналасады. Аялдаманы салып шығуға 10 млн теңге қаржы жұмсалды.
Жұмыскерлер алдымен «Азия парк» ойын-сауық орталығының маңында орналасқан аялдаманы жабдықтаған. Кешенде 15 адам емін-еркін тұра алады.
Аялдаманың халық үшін ыңғайлы болғаны туралы тұрғындар өз пікірлерін білдірді. Астанада қысты күні ауа райының суық болуына байланысты мұндай аялдаманың салынуы орынды болып отыр.
Жылы аялдамалар коррозияға қарсы металдармен, мықты болаттармен бекітіліп, қапталған. Тез бұзылмайды. Терезелері арнайы алюминий профилдерінен тұрады. Екі қабатты шыдамды әйнектер салынған.