$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде ер адам кешігіп келгені үшін жедел жәрдем фельдшерін ұрып тастады

Ақтөбеде ер адам кешігіп келген жедел жәрдем фельдшерін ұрып тастады. Таяқ жеген фельдшер ауруханаға жеткізілді деп жазады ҚазАқпарат.

15 ақпан күні сағат 03:36-да 32 жастағы әйел жедел жәрдемге қоңырау шалып, кеуде тұсы ауырып тұрғанын хабарлаған. Жедел жәрдем қызметі шақырту түскен мекенжайға 03:47-де барды.

«Жедел жәрдем бригадасы барған кезде оларды 27 жастағы ер адам күтіп алған. Оның ішімдік ішкені белгілі болды. Ал науқас әйел кеуде тұсы ауырып жатқанын айтқан. Науқасты тексеру кезінде ер адам ұзақ күтіп, телефонға дұрыс жауап болмағанын ескертеді. Ал науқастың жеке куәлігін сұраған кезде ер адам фельдшерді басымен ұрған. Оқиға орнына полиция шақырылғанда ғана 32 жастағы әйелді қарап, көмек беруге мүмкіндік болды. Барлық жағдай бейнекамераға түсірілді. Ал оқиғадан соң жедел жәрдем бригадасы полицияға арыз түсіріп, өздері де ауруханада ем қабылдады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жедел жәрдем бригадасы жеткенше ер адам қоңырау шалып, диспетчерлерді балағаттаған. Ал жедел жәрдем қызметі осындай жағдайлар маман тапшылығын тудыратынын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары