$ 448.15  483.46  4.86

Мадуро ұрлаған ақша Нұрлан Байділдәнің қорында екені айтылды

Венесуэла ұлттық ассамблеясының көшбасшысы Хуана Гуайдоның Вашингтондағы өкілі Карлос Веккио Твиттердегі парақшасына президент Николас Мадуроның ақшасы  Nurlan Baidilda Ltd қорында сақталғанын жазды. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Ол ұрланған активтерді қайтару бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айта келе «бұл қаражаттың көп бөлігі Nurlan Baidilda Ltd қорында деп айта аламыз», – деп жазған.

Ал, Нұрлан Байділдә клиенттер мәліметінің құпиялығын алға тартып, саясатпен айналыспайтынын жеткізді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылдан бері Николас Мадуроға қысымды күшейтіп, әлем бойынша оның қаржылық шоттарына шектеу қойған. Сондай-ақ Үкімет шенеуніктеріне санкция салып, Гуайдоны президент ретінде мойындаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары