$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда жалған құжатпен 500-ден астам несие рәсімделген

2015 жылы Қазақстанда жалған құжатпен 500-ден астам несие тіркелген. Бұл туралы LS  аналитикалық орталық Бірінші кредиттік бюроге (БКБ) сілтеме жасап хабарлады.

БКБ-ның ақпараты бойынша, 2015 жылы күніне екі жалған несие тіркеліп отырған. Барлық жағдайда алаяқтар несиені қайтармау мақсатында жалған жеке куәлік жасаған.

«Жыл басынан бері 400-ден астам адам өзінің кредиттік тарихынан қате анықтамаларды тауып дау туды»,-делінген БКБ ақпаратында.

Олардың айтуы бойынша, қазақстандықтар осы жылдың қыркүйек айынан бастап өзінің кредиттік тарихын бақылай алатын болады. Қызметке SMS және e-mail арқылы қол жеткізе алады. Кеңес алу не осы қызметке қосылу үшін, БКБ сайтынан басқа,  e-gov электрондық үкіметі порталынан және Қазақстанның 80 халыққа қызмет көрсету орталығынан қосылуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары