Үшаралда жеке үйде жеті адам иіс тиіп, уланды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Бір адам қайтыс болды, алтауы ауруханаға жеткізілді.
«2 наурызда таңертең Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында жеке тұрғын үйде отынмен жылытылатын пештің ақаулығына байланысты 7 адам, оның ішінде 2013 және 2018 жылдары туылған екі бала иіс тиіп уланды. Жедел жәрдем каретасында 1962 жылғы ер адам көз жұмды, қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖ комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері тұрғындарды жылыту пештерін пайдалану ережелерін сақтауға шақырады, оларды сақтамау улы газбен улануға әкеп соғуы мүмкін.
«Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мындай нәрсеге жол берілмеуі керек: 1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды өрт алдында орналастыруға;
3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;
4) пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
5) үй-жайларда адамдар жаппай болатын іс-шаралар кезінде пешті жағу;
6) пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген уақыттан артық жағу;
7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін мұржасының бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге болмайды».
Дереккөз: Tengrinews.kz