Түркістан облысында жалдамалы үй салынады. Бұл жөнінде Хабар-24 арнасы хабарлады.
Осы жылдың өзінде Түркістанның облыс орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 200 пәтерді құрайтын 20 көпқабатты тұрңын үй салуды жоспарлап отыр. Ол пәтерлер кезекте тұрғандарға, көпбалалы отбасыларға, жетімдер және бюджеттік қызметкерлерге беріледі.
11 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Екі ай мерзімінде аталған үйлер пайдалануға беріледі деп көзделуде.
«Түркістанда үй кезегінде тұрғандар саны 8,5 мыңды құрайды. «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша жүзден аса отбасы баспаналы болуға ниет білдіріп отыр. Үйлер салынып бітсе, олар жаз мезгілінде қоныстойларын тойлайды деп үміттенеміз», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Ахметов.
Дереккөз: Baq.kz