$ 514.65  544.6  5.17

Сүйген соң ұрады: 30 жастағы қазақстандық әйел қызғаншақ күйеуі жайлы айтып берді

Өз сүйгеніне қосылған 30 жастағы қазақстандық әйел қызғаншақ күйеуі жайлы айтып берді. Бір әйел жіберген еркек екінші отбасының да жиі шырқын бұзатын көрінеді деп жазады Сырласуға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Одан басқа маған ешкім керек емес екенін түсіндіре алмай-ақ қойдым. Мені аңдиды да жүреді. Телефонымдағы барлық xаттарды оқиды. Өтіп бара жатқан бір еркек маған қарай қалса, бірден ашуланады", - дейді ол. 

Келіншек тұрмысқа шыққаннан кейін бірден аяғы ауырлап, бала күтімімен үйде қалған. Бүгінде ол 3 жасар қызды тәрбиелеп отыр. 

"Бірнеше рет ұрысып, аналар үйіне кетіп қалдым. Сендерсіз өмір сүре алмаймын деп алып кетті. Мен де олсыз өмір сүре алмаймын. Не істерімді білмеймін. Бірақ жақсы көруді тоқтатпаймын", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы #микс