Астанада маршруттық автобус тоннельге соғылды, үш жолаушы және жүргізуші зардап шекті деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жексенбіде күндіз болған.
«Бараев көшесімен Республика даңғылына апаратын жерасты тоннелінде автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай тоннельге соғылған», – делінген хабарламада.
Қазір тексеру жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша басталды.