$ 444.22  476.38  4.82

Ұрлай алмайды: Астанадағы құдықтардың қақпағына датчиктер орнатыла бастады

Елордада кәріз құдығының шойын қақпағы себепсіз ашылған жағдайда жауапты қызметке бірден хабар беретін датчиктер орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана Innovations» АҚ-тың Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бір апта бұрын «Ақылды аудан» аумағында «Waviot Asia» және «Астана Су арнасымен» бірге кәріз шойын қақпағының ішкі бөлігіне бекітілетін датчикті орнаттық. Бұл ретте дәл балалар алаңының жанында орнатылған люкты таңдап алдық. Шойын қақпаққа датчикті орнату барысында жақын жерде балалар сырғанақ теуіп жүрді», - деп жазады компанияның өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары