3 наурызда Құлсары ауданындағы шағынаудандардың бірінде түнгі уақытта ер адамдар арасында төбелес болған. Оның арты оқ атумен аяқталды деп жазады azh.kz.
Оқтан жарақат алған 27 жастағы ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін арпалысқанымен, науқас есін жимайтан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар деген болжаммен 1991 және 1992 жылы туған екі күдікті іздестіріліп жатыр.