$ 494.87  520.65  4.91

Көлік министрлігі Қазақстан азаматтарын «күйзеліске ұшыратқысы келмейді»

Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл жөнінде еліміздің туризм нарығында чартерлік тасымалды дамыту мәселелеріне арналған кеңесте мәлім болды. Кеңесті қорытындылаған министр Жеңіс Қасымбек азаматтық авиация комитетіне көлік саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құруға тапсырма берді.

Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдардан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, туристік ұйымдар мен әуе компанияларынан комиссияға құрамына кіретін кандидатураларын күтуде.

Жұмыс тобын құру туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар жұмысындағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Көлік және коммуникация министрлігі халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз етуге барлық жағдай жасап отыр, дейді азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов атап өтті.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты «туристік компаниялардың клиенті болып табылатын Қазақстан азаматтары үшін күйзеліске ұшырататын қиын жағдайларды болдырмау». Яғни, аталған жұмыс тобы туристердің мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс жүргізбек. Атап айтқанда, көлік саласына, оның ішінде тасымалдаушыларға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жұмысын жалғастырып, аталған саланы жетілдіру жөнінде ұсыныстар беретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары