$ 447.4  477.55  4.76

«Алтын үкі 2014» арнайы мақсаттағы мергендер жарысы басталды (ФОТО)

Кеше Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің мергендер жұбының «Алтын үкі 2014» халықаралық жарысы басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысады.

«Алтын үкі 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижановтың айтуынша, «мұндағы әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар». Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында бесінші рет мергендер өнерінің Орталық-Азиялық форумы өткізіліп отыр. Оның айтуына қарағанда, бұл форумда барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Биыл Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. 19 шілдеге дейін барлаушылар дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын
16 жаттығу орындайтын болады.

«Алтын үкі 2014» жарысының қорытындысы 19 шілдеде шығарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары