Бұған дейін жалаңаш ұлттық шапан киіп, желіні шулатқан жігіттің кім екені белгілі болды. Есімі – Айсұлтан. Жасы 19-да. Колледж студенті екен. Модель боп қосымша жұмыс істейтін бұл жігіт өз әрекетін тілшілерге былайша түсіндірді:
«Менің айқын мақсатым болғанын жасырмаймын. Өзге елдерде ұлттық киіммен суретке түсу әлде қайда дамыған. Шыны керек ұлттық шапанды біз тек 22 наурызда болмаса тойда еске түсіреміз. Неге басқаша насихаттамасқа?», – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Камиша Есмұхамедқызы ұлттық киімді қорлады деп, құқық қорғау органдарынан шапан киген жігітті жазалауын сұраған болатын.