5 наурыз күні жергілікті полицияға ауруханадан 49 жастағы ер адамның пышақ жарақатын алғаны жайлы ақпарат түскен деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның Бөкейханов көшесінде кешке болғаны, 2 белгісіз ер адамның жәбірленушіге пышақ ұрғаны белгілі болды. Күдіктілер 29 және 32 жаста.
ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz