$ 494.87  520.65  4.91

Астанада газ тарту жұмыстары басталады

Мамыр айында Астана қаласын газдандырудың алғашқы мерзімі басталады деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.

Жалпы жоба үш кезеңге жоспарланған. Бұл үшін қазынадан 52 млрд теңге қарастырылды. Мамандардың айтуынша, 2023 жылы астаналықтар толықтай газбен қамтылатын болады. 

Астанада 22 мыңнан аса жер үй бар. 2023 жылға қарай оларды толығымен табиғи газбен қамту көзделген. Қаланы газдандыру жобасы биыл басталмақ. Алғашында 9 кешен іске қосылуы тиіс. Бөлінген қаражат – 26 млрд теңге. 

«АГТС 1, Көктал 1, Көктал 2 мекенжайлары газдандырылады. Содан газ құбыры оңтүстікке кіреді. Оңтүстік-шығыстың оң жақ, сол жағы», - дейді  қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов.

Елордадағы ЖЭО-лары да осы кезеңде газға қосылады. Мамандар бір жылда үш орталық 430 млн текше метр газ жағуы мүмкін екенін, бірақ сұйық отынмен қоса, басқа да жылыту көздері пайдаланылатынын болжап отыр. Алайда көмір экологияға зиян, дизель отыны қымбат. Ал газ да арзан емес. Астанадағы 1 текше метр газ құны 50 мың теңге шамасында.   

«Құрылыс жобасында еш өзгеріс болмайды. Жаңа шағын аудан пайда болса, оған жеке қазандық қоса салынады. Газ тарту жүйесі енгізу арқылы жылу таратамыз. Қаланың шетінде салынып жатқан тұрғын жайлар осылайша жылыту орталықтарына қосылады», - дейді бөлім басшысы Әнуарбек Есенәлиев.

Елорданы газбен қамту 3 кезеңге жоспарланған. Бөлінген қаражат та ауқымды. 52 млрд теңге. Сұйық  отын «Сарыарқа» газ құбыры арқылы таратылады. Өтініш берген абоненттер газға орталықтандырылған газ тарату жүйесі бойынша қосылады. 

«Жер үйлердің бәрі газдандырылады. Экологияға зиян келтіріп жатқаны – түтіннің басуы. Газ келгенде, ондай түтін жоқ», - дейді  қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов.

Айта кетейік, бүгінде 9 млн қазақстандық табиғи газды пайдаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары