$ 494.87  520.65  4.91

Сириядан оралған қазақстандық: «Ол жақта біз сияқтыларды тек пайдаланады»

Әсем Сирияға екі баласымен күйеуінің артынан кеткен. Оны ол жақта жұмақ өмір сүресің деп алдапты. Алайда, барғаннан кейін күйеуі соғыста қаза тапқан. «Настоящее время» интернет-порталына сұхбат берген әйел Таяу Шығыстағы жантүршігерлік жағдай туралы баяндап берді.

«Ол жақта Құран кітабында айтылғандай халифат өмір бар деп ойладым. Бірақ мүлдем олай емес екеніне көзім жетті. Ол жаққа барғандарға артқа қайтар жол жоқ», – дейді Әсем.

Әсем жақындарын ескертпестен Сирияға өз еркімен қашып кеткен. Туыстарының түбегейлі қарсы болатынын алдын ала біліпті. Бірақ, бара сала күйеуінен айрылып, алданғанын кеш түсінген.

«Күйеуім шекераға кеткен болатын, сол жақта қаза тапты. Ол жақта әйелдерге күйеуінің қалай қайтыс болғаны туралы айтпайды», – дейді келіншек.

Әсем кейіннен тағы тұрмысқа шығып, одан екі бала тапқан. Оның айтуынша, Сириядағы қазақтардың бәрі елге қайтудан үміттерін үзген. Өйткені, қашатындарын білсе, онда өлім жазасына кесіледі.

«Біз бірігіп сондағы біреуіне ақша бердік. Сөйтіп ол бізді күрдтердің лагеріне апарды. Сол жерден ата-анама қоңырау шала алдым. Сирияда өмір жақсы деген өтірік сөз. Олар біз сияқтыларды тек пайдаланады. Ол жақта дін емес, тек саясат бар», – дейді Әсем.

Қазіргі кезде Әсеммен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, біраз уақыт бұрын Сириядан Қазақстанға 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала елге қайтарылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары