$ 494.87  520.65  4.91

Роза Рымбаева қайтыс болған күйеуін еске алып, ән арнады (ВИДЕО)

Роза Рымбаева күйеуі әрі продюсері болған Тасқын Оқаповты еске алып, ән арнады. Бұл туралы өнер иесі «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын жобалардың бірінде айтты.

 «Көптеген ақын, музыканттармен жұмыс істедім. Өкінішке қарай көпшілігі бүгін менің төбемнен қарап, маған өздерінің ақ тілегін білдіріп тұр деп ойлаймын. Солардың ішінде менің жан жарым Тасқын да бар. Соларға арналған «Бәрі есімде» деген әнімді қабыл алыңыздар», – деп әнші сахнада көзіне жас алды. 

Айта кетейік, Тасқын Оқапов 1999 жылы дүниден өтті. Оның артында Әли және Мәди есімді қос ұлы қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары