Болашақ дәрігерлер адам тәнін ғана емес, жанын емдейтін ізгі жандар. Жас мамандар медицинаның қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, тіл байлықтарын да жетілдіріп жатыр.
«Учитесь и читайте. Читайте книги серьезные. Жизнь сделает остальное» деп Достоевский айтқандай, оқу әрбір пенде үшін ең пайдалы іс.
Осы ретте Қарағанды медицина университетінің студенттері Дінмұхамед Қонаев, Фёдор Достое́вский, Михаил Лермонтов секілді ірі тұлғалардың шығармаларын оқып, сынға түсті.
Айжан Маликова, Азамат Какенов, Айғаным Болатбекова, Назерке Орынхан, Бұлбұл Ералы, Мухиддин Қадыров есімді студенттер «Enactus KMU-пен оқу» атты апта сайынғы онлайн-сайысқа белсене қатысып, үздік деп танылды.
11 наурыз күні жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, құнды кітаптарды сыйлыққа алды.